Қызылордадағы орталық мешітте қайырымдылық шарасы жасалды
Акция барысында «Жас жеткіншіктерді әлеуметтік бейімдеу» орталығы мен патронаттық тәрбиеленушілерден 20 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді. «Жалаңтөс Баһадүр» қоғамдық қорынан мұқтаж жандарға 250 мың теңге көлемінде сый-сияпат жасалды.
Шара барысында «Жол картасы» бағдарламасы аясында оқуға түскен «Болашақ» колледжінің «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану» бөлімшесінің студенті Нұргүл Дүмекова акцияны ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.
Акция соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, академик Кенжеғали Сағадиев акцияға қатысқан 5 тәрбиеленушіні өз қаржысы есебінен Алматы қаласына оқытатынын айтты. Ал тұрмысы төмен отбасыларын қолдау жөніндегі аймақтық қордың төрайымы Сапура Әбдірахманова жағдайы төмен отбастарына үй тұрмысына керекті кілем, ыдыс-аяқ тапсырды.