Қызылордадағы веложарыс мәреге жетті

   ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда қаласында ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андрей Кашечкин жүлдесі үшін велоспорттан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жарыс өтті,  деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None



Оған Алматы және Қызылорда қалаларынан 100-ге жуық велошабандоз қатысты.

Жарыс нәтижесінде  қызылордалық спортшылардың мерейі үстем болды. Атап айтқанда, 30 шақырымдық топтық жарыста Нұртуған Сейтов бірінші болып келсе, Нұрсұлтан Пернебай - екінші, Аслан Силықбек үшінші орындарды иеленді. 15 шақырымдық топтық жарыста Юлдуз Калменова жарыс жеңімпазы атанды. Алтынай Рабаева - екінші, Лиза Маханбетжан үшінші орындарды еншіледі.




12 шақырымдық критериум жарысында ұлдар арасында Нұртуған Сейтов 1-орынға ие болды. Қалған орындарға Аслан Силықбаев пен Нұрсұлтан Пернебай тұрақтады. 6 шақырымдық сайыста қыздар арасында Юлдуз Калменова екінші «алтынына» қол жеткізсе, Асылзат Рабаева  - күміс, Лиза Маханбетжан  қола жүлделерді еншіледі.

Сондай-ақ турнир аясында әуесқойлар арасында 6 шақырымдық критериум жарысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде ерлер арасында жоғары спорт шеберлігі мектебінің қызметкері Пазылбек Жақсылық, әйелдер арасында №3 ОВЖОРМБЖМ қызметкері Ғалия Қуатбаева бірінші орынды жеңіп алды.

 

Соңғы жаңалықтар