Қызылордадағы ЖЭО-да адам өмірін қиған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадағы жылу электр орталығында адам өліміне әкеліп соқан оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордадағы ЖЭО-да адам өмірін қиған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облыстық прокуратурасының басшысы К. Құлжановтың хабарлауынша, кеше сағат 18:20-да Қызылорда жылу электр орталығында жұмыс уақытында мұржа құлап, «Алтын дән» ЖШС-ның екі жұмысшысы зардап шеккен болатын. Олардың біреуі алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі облыстық  денсаулық сақтау  орталығына жеткізілді.

Қазіргі уақытта техникалық қауіпсіздік сақталмай, адам өліміне әкеліп соққан фактіге байланысты кешенді тексеру жүріп жатыр. Іс облыстық прокуратураның бақылауына алынған.