Қызылордадан Астанаға 270 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді
Елордалықтар үшін бау-бақша және азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі екі күн қатарынан ұйымдастырылды және онда бағалар нарықтағыдан бірнеше есе арзанға ұсынылды.
Сыр халқы жәрмеңкеге жеміс-жидек, көкөніс, балық, ет, күріш, сүт өнімдерін, барлығы 270 тонна ауыл шаруашылығы өнімін алып келген.
Елордалықтардың сұранысына әсіресе, күріш, қауын мен қарбыз ие болды.

Қызылорда облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ерхан Ағыбайдың айтуынша, жәрмеңкеге 75 тонна күріш, 7 тонна жылқы еті, 7 тонна сиыр еті, 3,5 тонна сүт өнімдері, 1,25 тонна қымыз, 1,25 тонна шұбат, 0,2 тонна ара балы, 6 тонна балық, 0,5 тонна конфет, 20 тонна көкөніс, қияр, қызанақ, 6 тонна алма, алмұрт, өрік, банан, 6 тонна картоп, 3 тонна сәбіз, 15 тонна қырыққабат, 1,5 тонна сөк, талқан, 5 тонна ас тұзы, 60 тонна қауын, 40 тонна қарбыз және басқа да өнім түрлері ұсынылды.