Қызылордалық ардагерлер Арыстан баб кесенесінде зиярат етіп қайтты
«Қасиетті Рамазан айы аясында Қызылорда қалалық әкімдігі 30 тыл және еңбек ардагеріне Арыстан баб кесенесіне зиярат ету мүмкіндігін жасады», - делінген хабарламада.
«Мұсылмандардың киелі жерлерінің бірі Арыстан баб кесенесі - Алаш жұртының зиярат ететін қасиетті мекені. Рухани сапар барысында ардагерлер кесене жанындағы емдеу қасиеті бар құдықтан су ішіп, Арыстан баб бабаның тарихымен танысты. Мұнымен қоса, ардагерлер Қожа Ахмет Йассауидің кесенесінде де болды», - деді бұдан әрі Балдырған Мәмен.
Баспасөз хатшысының айтуынша, сапар барысында қариялар денсаулығын бақылауда ұстайтын және арнайы қызмет көрсететін дәрігер мамандармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Рамазан айының алғашқы күнінде қала әкімі «Айтбай» мешітінде ораза ұстаушы қалалықтарға арнап, ауызашар шарасын өткізген. Оған 120-дан астам ораза ұстаушы азаматтар қатысқан.
«Айта кету керек, қала әкімдігі осы «Айтбай» мешітінде 30 күн бойы ауыз ашар рәсімін ұйымдастыратын болады», - деді баспасөз қызметкері.