Қызылордалық азамат есірткі затын сақтап, өсірді деген күдікке ілінді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық азамат есірткі затын сақтап, өсірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.
None

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 27 наурыз күні тұрғылықты мекен-жайында аса ірі көлемде есірткі затын сақтауға және өсіруге күдіктелген 54 жастағы қала тұрғыны анықталды.

«Үй иесінің ауласын тінту кезінде қарасора бұталары арнайы өсірілген жылыжай табылды.

Арнайы ыдыстарда өсірілген 37 түп сора өсімдігі және 1,5 келіден аса кептірілген марихуана тәркіленді», - деді Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов.

Аталған дерек екі бап бойынша: ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі және 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар