Қызылордалық бүлдіршіндер өздерінің мерекесінде орталық мешітте болып сыйлықтар алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен балалар мерекесіне орай, қаладағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ұстаздары мешітте қонақ болды.
None
None

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, балалар алдымен «Алла үйін» аралап, ішкі құрылысымен танысып, мешіттің сәулет өнеріне таң-тамаша болды. Жеткіншектерге орталық мешіттің найб имамы Нұрлан Абжанов қайырымдылық, мейірімділік, ізгілік турасында жақсылыққа үндеп уағыз айтты.

Мешітті аралап болған соң балалар үшін жайылған ақ дастархан аясына жинала қалды. Ауқаттанып болған соң балаларға тәтті балмұздақтар үлестіріліп, Бас мүфтидің бастамасымен жарыққа шыққан «Дін мен дәстүр» кітабы, Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен діл» және басқа да кітаптар сыйға берілді.

Осылайша балғын балақайлар пәк жүректерінен алғыстарын айтып, ақ тілектерін жолдады.

Соңғы жаңалықтар