Қызылордалық кәсіпкерлер «Мектепке жол» акциясына 2 милллионға жуық қаржы құйып, көмекке мұқтаж 80 оқушыға жәрдем көрсетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы отбасы жағдайы төмен мектеп оқушыларына мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-саймандарын алу үшін кәсіпкерлерді жұмылдырды. Нәтижесінде 2 000 000 теңге көлеміндегі қаржыға 80 оқушыға көмек көрсетті, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.
None
None

«Мектепке жол» - оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын ірі акциялардың бірі. Отбасы жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларда өмір сүретін балалардың жағдайына кәсіпкерлер де бей-жай қарамайтындықтарын жеткізді. Нәтижесінде 80 оқушыға қаржылай және материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өз кәсіпорындары қызметкерлерінің балаларына да материалдық қолдау көрсетті. Аз уақыт ішінде осындай ұйымдастыру шараларын жүргізген Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров: «Бізге еліміздегі әр оқушының сапалы білім алғаны маңызды. Ал балалардың мақсатты білім алулары үшін тиісті жағдай жасалуы қажет. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының өзінде 2 000 000 теңге көлемінде қаржы жинақталып, балалардың қажетті дүниелерін алу үшін үйлестірілді. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының 7 ауданда филиалы бар. Аудандық кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, акцияға қаржы салғанын жария етпейтін кәсіпкерлер де жетерлік. Ең бастысы, қайырымдылық шарасы кезінде бизнесмендеріміздің сараңдық танытпай, жомартық көрсететіндігін атап өткім келеді. Жүздері бал-бұл жайнаған балалардың атынан облыс кәсіпкерлеріне алғысымызды жеткіземіз», деді.

Айта кетейік, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де өздерінің бір күндік айлықтарын аталмыш акцияға бөлді.

Соңғы жаңалықтар