Қызылордалық кикбоксшылар ел чемпионатында 5 жүлде иеленді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Астана қаласында кикбокстан ерлер мен­ әйелдер арасында Қазақстан Республикасы­ның чемпионаты өтті.

Кикбоксингтің фулл-конта­кт, лоу-кик, к-1 бөлімдері бойынша өткен­ жарыста жерлестеріміз, облыстық жоғары ­спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальдарды ие­ленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

К-1 бөлімінде өнер көрсеткен Алтынбек Жү­нісов 75 келі салмақ дәрежесінде Қазақст­ан чемпионы атанса, 86 келіде Ахмедияр А­манжолов күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер ­арасында фулл-контакт бөлімінде +70 келі­де Нұржанат Тілеумбетова 2-орынды еншілед­і. К-1 бөлімінде 51 келіде сынға түскен ­Нұрсұлтан Сапаровтың еншісіне қола медал­ь бұйырды.

Соңғы жаңалықтар
telegram