Қызылордалық нұротандықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 100 отбасыға көмек көрсетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Азаматтардың әлеуметтік мәселелерін өзінің саяси Доктринасына арқау еткен «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Қызылордалық нұротандықтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 100 отбасыға көмек көрсетті

Жетекші партия өкілдері игілікті шараны ҰОС ардагері, 92 жастағы Әбдірауық Сатыбалды ақсақалды мерейлі мерекемен құттықтап, ақсақалдың ақ батасын алудан бастады. 

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасымыздың дана көшбасшылығымен қол жеткізілген жетістіктер мен табыстарымызды атап, Тәуелсіздік құндылықтарын кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы еңбегіне зор алғысын білдірді. Және партия филиалының төрағасы, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хаты мен арнайы мерекелік сый-сыяпатын табыстады.

Ардагерлерін ардақтаған «Нұр Отан» партиясына риза болған соғыс ардагері «Елімізде соғыс болмасын, көк байрағымыз көкте желбіреп, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Еліміз, Елбасымыз аман болсын» деген ақ батасын берді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған акцияның негізгі мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдап маральдық және материалдық көмек көрсету. 

Шара аясында нұротандықтар «Қызыл-ай» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, қаладағы тұрмысы төмен 100 отбасына азық-түлік және тұрмыстық заттай көмек көрсетті.

Раушанбек Камалов - 69 жастағы зейнеткер. 6 баласы бар. Барлығы да ер жеткен. Тұрақты жұмыстары болмаған соң, арасында жалдамалы жұмыс жасайды. Олардың тапқандары немерелерімнің киім-кешегінен артылмайды. Бүгінде өзінің және жұбайының зейнетақысымен бүкіл отбасын асырап отырғандығын айтады. Бүгін ғана емес, бұған дейін де партияның қамқорлығын сезінген Камаловтар отбасының тірегі Раушанбек аға партия басшылығына шексіз ризашылғын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі. 

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы екінші рет ұйымдастырылып отыр. Мұнан бөлек партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Ардагерлерді ардақтайық» секілді әлеуметтік жобалары аясында жыл бойына 100-ден астам отбасыға азық-түлік және қарыжылай көмектер көрсетілді.

«Біз партия қабылдауына келген азаматтардың өтініштерін мүмкіндігінше орындауға тырысып жатырмыз. Сондықтан мұндай акциялар әлі де жалғасын табатын болады», - деді шара барысында облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов.