Қызылордалық оқушы Жәутіков олимпиадасында қола жүлдеге ие болды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында өтіп жатқан халықаралық Жәутіков атындағы олимпиадада №9 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы Анарбай Қуаныш Оралбайұлы қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Анарбай Қуаныш № 9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 11- сынып оқушысы. Ол 2015-2016 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде математика пәнінен алтын медаль иегері атанған. Осы кезеңнің оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінде математика пәнінен қола медалін жеңіп алды. Сондай-ақ, осы жылында Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы, Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының алтын медаль иегері. Бұған қоса 2015-2016 оқу жылында ХХІІІ «Туймаада» халықаралық олимпиадасының күміс жүлде иегері де болды. Мұнан өзге 2016-2017 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде математика пәнінен алтын медаль иегері атанса, енді міне халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола жүлдесін иеленіп отыр.