Қызылордалық оқушылар Герольд Бельгердің шығармашылығымен етене танысты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордада №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейінде Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, публицист, әдебиет зерттеушісі - Герольд Карлович Бельгердің шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат Ассамблея хатшылығына сілтеме жасап.

Қызылордалық оқушылар Герольд Бельгердің шығармашылығымен етене танысты

Қызылорда облыстық Ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай және «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты  Аман Абасилов қатысып, Г.Бельгер жайлы естеліктермен бөлісті. Жазушы шығармаларының қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына қосқан үлесі туралы айтылды. Кешті толеранттылық клуб мүшелерінің қатысуымен өткен әдеби монтаж бен қойылымдар жандандыра түсті. 

Сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ-сі 17-20 қазан аралығында өзге этнос оқушылары арасында «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты қазақ тілінен үздік шығармалар байқауын ұйымдастырған болатын. Кеш аясында аталған байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.