Қызылордалық полицейлер 1 728 599 теңгенің бұйымдарын ұрлаған ұрыларды тап бастырмай ұстады
ҚЫЗЫЛОРДА. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері «Logycom» сауда үйіне ұрлыққа түсіп, жалпы құны 1 728 599 теңге тұратын мүліктерді ұрлаған топ мүшелерін қылмыстың ізін суытпай ұстады,
деп хабарлайды қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметкері Қалдыбек Абдуллаев.
Өзгенің мүлкін иемденіп кетпек болған баукеспелер осылай тәртіп сақшыларының құрығынан құтылып кете алмады. Осы қылмыс ашылған бойда дүкеннің иесі - «Эл Си Трэйд» ЖШС Қызылорда филиалының директоры Ерғали Өтепбергенов қырағы полицейлердің бәріне алғысын білдіріп, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Қазір сезіктілер үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған заттар дүкен иесіне қайтарылды.