Қызылордалық полицейлер 3 айда заңсыз айналымнан 14 келіден астам есірткі тәркіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысы көлемінде есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында атқарылған жедел-қызметтік шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың 3 айында есірткіге байланысты 129 дерек анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.

Қызылордалық полицейлер 3 айда заңсыз айналымнан 14 келіден астам есірткі тәркіледі

Тіркелген 32 қылмыстық істің 13-і есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтаумен, 17-сі есірткіні саудалаумен, -уі өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егіп, баптаумен және 1 жағдай есірткі тұтыну үшін притон ұйымдастырумен байланысты.

Сондай-ақ, тіркелген 97 бұзақылық әрекеттердің 93-і ҚР ҚК-нің 296-бабының 1,2,3 бөліктерінде және 4-і ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген қылмыстар.

Заңсыз айналымнан барлығы 14 келі 199 гр. есірткі заты тәркіленген.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде 1980 жылы туған облыс орталығының тұрғыны Қызылорда облысынан Батыс Қазақстан облысына 2 келіден астам есірткі тасымалдау үстінде ұсталып, қамаққа алынды. Күдікті азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.