Қызылордалық таеквондошылар - Жастар спорт ойындарының жеңімпазы

ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Ақтау қаласында  ҚР Жастар спорт ойындары аясында таеквондодан жарыстар аяқталды.
None
None

Төртінші рет өтіп отырған дүбірлі бәсекеде  қызылордалық спортшылар 12 жүлдені иеленіп, 460 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жекелей есепте Ботагөз Қапанова (52 келі) мен  Гүлмира Садықова (+68 келі) спорт ойындарының жеңімпазы атанды.

Айым Тоғман (55 келі), Шамшат Ақберген (59 келі), Балнұр Сәрсенбай (63 келі), Дөнес Сыдықов (68 келі), Жандос Орынбек (73 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Алина Маметқали (42 келі), Эдуард Хван (45 келі), Зарема Музыкантова (46 келі), Гүлбала Абызбаева (49 келі), Рамазан Жеткерген (59 келі) спорт ойындарының  қола жүлдесін еншіледі.

Сондай-ақ, команданы жарысқа дайындаған жастар арасында облыстың аға жаттықтырушысы  Нұрлыбек Сухан грамотамен марапатталды. 

Айта кетейік, 2013 жылы облыс құрама командасы үшінші Жастар спорт ойындарында жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленген болатын.   

Соңғы жаңалықтар