Қызылордалық тоғызқұмалақшылар 1 орынды иеленді

Айтулы сында жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Марат Рахметов жетекшілік жасаған жерлестеріміз 7 медаль иеленіп, жалпыкомандалык есепте 1-орынды жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
12 жас қыздар арасында блицтен Әсем Дәуренбекқызы 1-орынды иеленсе, классикадан 2-орынға ие болды. Блицтен 12 жас ұлдар арасында Ырыскелді Кенжебекұлы және 14 жас қыздар арасында Балнұр Айжарық алтын жүлдені иеленді.
10 жас қыздар арасында классика түрінен сынға түскен Жұлдызай Мұңайтбасова жеңіс тұғырына көтерілсе, ұлдар арасында Азамат Маратбеков қола жүлдені еншіледі. 14 жас ұлдар арасында Дамир Ахметов Қазақстан жеңімпазы атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жеңімпаздары Балнұр Айжарық пен Дамир Ахметов үстіміздегі жылдың тамыз айында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.