Қызылордалық жас әнші халықаралық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды
Астана қаласында «ЭКСПО - 2017» көрмесі қарсаңында «Қазақстан таланттары» шығармашылық қозғалысының ұйымдастыруымен ІІ халықаралық «Жаңа жұлдыз» конкурс-фестивалі өтті.
Байқауға барлығы 5-40 жас аралығындағы 1500 үміткер қатысты. Олар өнердің барлық жанр түрінен яғни ән-би, аспаптар, эстрада-вокал, халықтық шығармалары бойынша сынға түсті.
Конкурсқа Қызылорда облысынан қатысқан Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің жанынан құрылған қала әкімінің «Мереке» аспаптық ансамблінің әншісі, бірнеше байқаулардың жеңімпазы Әйгерім Өмірбек байқаудың эстрада-вокал номинациясы мен «Гран-при» жүлдесін жеңіп алды.
«Бұған дейін де бірнеше конкурстарда бағымды сынап жүрдім. Дегенмен бұл байқаудан алған әсерім ерекше. Қарсыластарым да осал болмады. Әрбір қатысушы өз елінің, өңірлерінің талантты өнерпаздары. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылған және өте әділ өтті деп ойлаймын», - дейді байқаудан кейінгі өз әсерімен бөліскен Әйгерім.