Қызылордалық жас шахматшылар Италияда өтетін чемпионатқа жолдама алды

ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Астана қаласында классикалық шахматтан 20 жасқа дейін ұлдар мен қыздар арасында өткен  Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар табысты өнер көрсетті.

Қызылордалық жас шахматшылар Италияда өтетін чемпионатқа жолдама алды

Жарысқа қатысқан 22 спортшы арасынан Сырдың шахматшы қыздары жүлделі үш орынның екеуін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

  Он бес жастағы Әсел Серікбай 9 ойыннан сегіз ұпай жинап, қазан айында Италияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. 
Ал Назерке Нұрғали 9 ойыннан 6,5 ұпай жинап, күміс жүлдені иеленді. Ол мамыр айында Иранда өтетін Азия чемпионатына  қатысатын болды.