Қызылордалық жасөспірім ауыр атлеттер ел чемпионатында командалық бірінші орынды жеңіп алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 2000-2001, 2002 және жасы одан да кіші жасөспірімдер және қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында Қызылорда облысының құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордалық жасөспірім ауыр атлеттер ел чемпионатында командалық бірінші орынды жеңіп алды

Жеке есеп бойынша чемпион атанғандар: Бабыр Қожантай  (30 келі), Ермахан Орынбек (46 келі), Ерасыл Ергенбай (56 келі), Бексұлтан Айтбай (69 келі), Дмитрий Мартынов (+69  келі), Арайлым Қайсар (53 келі).

Күміс жүлдені иеленгендер: Мади Пернебекұлы (46 келі), Алмат Асанханұлы (50 келі), Азамат Төлеген (56 келі), Зарина Заркумова (58 келі), Есенгелді Сәпи (62 келі), Асылжан Бектай (69 келі).

Қола жүлдені иеленгендер: Ерасыл Сәулебеков (30 келі), Кристина Буторина (48 келі), Әл-Фараби Әмірбек (50 келі), Нұрай Құрманбай (+53 келі), Досбол Садық (56 келі), Бексұлтан Жақсылық (62 келі), Бахытбек Мұхан (62 келі), Шахизат Абдраманов (69 келі).

Спортшылар 24-28 тамызда Атырау қ. 17 жасқа дейін өтетін ҚР чемпионтына дайындалуда.

2 3