Қызылордалық жол полициясының капитаны көлік ұрлаушыларды құрықтады

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облыстық Жол полициясы басқармасының капитаны көлік ұрлаушыларды қолға түсірді.

Қызылордалық жол полициясының капитаны көлік ұрлаушыларды құрықтады

Облыстық ІІД-нің мәліметтері бойынша, көлік 30 қараша күні ұрланған. Оның иесі Исраил Оспанов облыстағы «Сегізжүзбас» елді мекенінде көлігін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтқан.

Жүргізілген жедел іздесітру іс-шараларының нәтижесінде бүгін, 7 желтоқсанда Қызылорда ОІІД ЖПБ-ның бөлім бастығы, полиция капитаны С. Ибраев аталмыш қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін 3 күдіктіні ұстаған.

Күдіктілердің екеуі Қызылорда қаласының, үшіншісі облыстағы Арал ауданының тұрғыны.

Қазіргі таңда тергеу-анықтау амалдары жүргізілуде.