Қызылордалықтар Астана күнін тойлауды бастап кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Сыр бойындағы бас қалада Астана күндерін тойлау шаралары кеше басталды.

Елорданың тойы Қызылордада Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханада «Еуразия кеңістігіндегі жарық жұлдыз» атты кітап көрмесінен бастау алды. Онда Астана қаласы туралы соңғы жылдары шыққан алуан түрлі кітаптар қойылды. Көрме шілденің 6-сына дейін жұмыс істейді. Ал бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде жергілікті қылқалам шеберлерінің Астана тақырыбында салған суреттерін жария ететін тағы бір көрме ашылды. Ол «Арман қалам - Астанам» деп аталады.

Соңғы жаңалықтар
telegram