Қызылордалықтар Қысқы Азиадаға қатысатын спортшы аттандыра алмағанымен, Ойындарды тамашалауға әзір

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы екі күннен кейін салтанатты жағдайда Астанада ашылғалы тұрған Қысқы Азия ойындарына бірде-бір спортшы аттандыра алмаған еліміздегі екі аймақтың бірі (екіншісі - Жамбыл облысы) болып отырғанына қарамастан,

    Қызылордалықтар Қысқы Азиадаға қатысатын спортшы аттандыра алмағанымен, Ойындарды тамашалауға әзір

Ойындарға барынша қолдау көрсетіп, оған жанкүйерлік жасауға бет бұрып отыр. Осы мақсатта қаланың бірнеше жерінде монитор қойылып, жұртшылықтың жарыстарды қызықтауларына мүмкіндік жасалмақ. Олардың бірі қаланың орталық алаңына орналасса, екіншісі «Қызылорда» қонақүйінің жанындағы экраннан көрсетіледі.