Қызылордалықтар мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спартакиадасында 34 медаль еншіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының V спартакиадасы аяқталды. 15-24 қыркүйек аралығында өткен жарыстарға еліміздің әр өңірінен 16 команда қатысты. Айтулы сында қызылордалық спортшылар 13 алтын, 13 күміс, 8 қола, барлығы 24 медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Атап айтсақ, жеңіл атлетикадан Ислам Салимов 200, 400 метр арақашықтыққа жүгіруден және ұзындыққа секіруден 3 алтын жүлдені иеленді. Еламан Жоламан найза лақтырудан 1-орын, ядро және диск лақтырудан 2-орынға ие болды. Қолғанат Бақберген найза лақтырудан - күміс, диск лақтырудан және ұзындыққа секіруден қола жүлделерге қол жеткізді. Эрик Қасқабаев  диск, найза лақтырудан және ядро итеруден үш күміс жүлдені еншіледі. Мейіржан Машат 200, 400 және 800 метр ара қышықтыққа жүгіруден үш «алтынды» иеленсе, Бағдат Елібаев 100, 200 метр арақашықтыққа жүгіруден бірінші болып келді. Ал ядро итеруден  қола жүлде бұйырды. Әсел Қозбағарова найза лақтырудан үшінші, диск және  лақтырудан екінші орын алды. Ержан Қуандықов  800 және 1500 метрге жүгіруден күміс жүлдеге ие болды.

null 

Пауэрлифтингтен қызылордалық спортшылар жалпыкомандалық есепте екінші орынды еншіледі. Жекелей сында Кабира Асқарова (50 келі), Айгүл Байжанова (79 келі) және Ляззат Жақыповалар  (86 келі) Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы атанса, Алтынкүл Иманбаева (50 келі) мен Ерболат Әлімбетов (54 келі) 2-орынды алды. Қуаныш Әлиасқаров (49 келі) пен Қуаныш Амангелдиев (65 келі) 3-орыннан көрінді.

null 

Қызылорда облысының құрамасы волейболдан жалпы командалық есепте күміс жүлдегер атанды. Команда құрамында Шыңғыс Медеуов, Омар Тұрманов, Дәурен Ахметов, Самат Әуезов, Бейбіт Кейкиев, Алмат Манабаев, Асанәлі Жолдасбек, Эрик Қасқабаевтар өнер көрсетті.

Ал тоғызқұмалақтан аймақ спортшылары бірінші орынды жеңіп алды. Команда сапында Кенбай Қарашаев, Бақытжан Әлиасқаров, Мадина Нұрсейіттер шеберлік байқасты.

null 

Парадзюдодан Олжас Оразалыұлы (60 келі) - 2-орын, Дәулет Жүнісов (60 келі) пен Бағдат Қажендер (66 келі) 3-орындарды еншіледі.

Қызылорда облысының командасын жарысқа әртүрлі спорт түрлерінен Юрий Мощеев, Эрик Қасқабаев, Бақытбек Рысбаев, Кеңбай Қарашаев, Руслан Беркімбайлар дайындады.

null null 

Соңғы жаңалықтар
Референдум