Қызылорданың Қармақшы ауданында жаңа мектептің құрылысы басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Өткен жылы барлық инженерлік инфрақұрылымдары тартылып, пайдалануға берілген «Тәуелсіздік» мөлтек ауданында бүгін Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектептің іргетасы қаланды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қармақшы аудандық әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Қызылорданың Қармақшы ауданында жаңа мектептің құрылысы басталды

Айта кетейік, Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектептің іргетасы 1966 жылы қаланған. Онда 57 педагог 352 оқушыға білім береді. Алайда, ұстаздар мен балалар ұзақ жылдар бойы уақыт талабына сай келмейтін ескі ғимараттың зардабын тартып келді.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Сұлтан Мақашов білім саласына көрсетіліп жатқан қолдауларды және ауданда атқарылып жатқан игі істер жөнінде айта келе, мектеп құрылысының жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов пен ауданның «Құрметті азаматы» О.Сариев сөз алып, бүгінгі қуанышпен жиналған жұртты құттықтап, баталарын берді.

Жалпы құны 789,932 млн. теңгені құрайтын нысанның құрылысына тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Құрылысын салатын бас мердігер «Аман Құрылыс» ЖСШ. Жоба бойынша 300 орындық ғимаратта оқу бөлмелері, мәжіліс залы, асхана, спорт залы, шеберханалар, зертханалар, медпункт, жабдықталған компьютер сыныптары, оқу залы бар кітапхана болады. 

Айта кетейік, Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектептің іргетасы 1966 жылы қаланған. Онда 57 педагог 352 оқушыға білім береді. Алайда, ұстаздар ұзақ жылдар бойы уақыт талабына сай келмейтін ескі ғимаратта білім берудің қиындығын бастан кешіп келді.