Қызылорданың «Қайсары» Түркияның екінші топтағы командасынан ұтылып қалды
ҚЫЗЫЛОРДА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазіргі күндері Түркияның Анталья қаласында оқу жаттығу жиынын өткізіп жүрген Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы түріктің «Элгазиспор» командасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды.
Бұл туралы клубтың баспасөз хатшысы Сергей Неудачин хабарлады.
Литван маманы Альгирдас Любинскастың қарауындағы команданың бұл ұтылысына сынақта жүрген барлық ойыншыларды кезектестіріп алаңға шығарған себеп болған сияқты. Бір-бірінің тілін тауып үлгермеген, әр жерден жиналған ойыншыларда түсінбестік көп орын алған. Екі доп т қорғаушылар мен қақпашының қателігінен соғылған.