Қызылорданың ұлағатты ұстаздарына «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі табыс етілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада «Білім берудің инновациялық стратегиясы - мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында облыс ұстаздарының қатысуымен тамыз кеңесі өтті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Алдымен өңірлік білім беру жүйесінің даму көрсеткіштері мен жетістіктері көрмеге қойылды. Көрменің негізгі мәні - инновациялық технологиялардың жалпы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін дамытудағы ықпалын көрсету.

Дәстүрлі жиынға облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Әлібаев, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешов, облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер, меценаттар, аудан әкімдері мен орынбасарлары, ата-аналар, сала қызметкерлері қатысты.

Жиында қажырлы қызмет етіп, көпке үлгілі болған ұлағатты ұстаздар марапат биігінен көрінді. Атап айтқанда, «Алтын ұя» балабақшасының меңгерушісі Қалдыгүл Шерімова, №240 орта мектеп директоры Сырайыл Жұманұлы, Шиелі индустриалды-агралық колледжінің директоры Мейрамхан Дүйсенов жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісін иеленді. №124 орта мектеп мұғалімі Жұмагүл Оңғарбаева, Қазалы аграрлы-техникалық колледж директоры Темірбек Исмайлов, №14 мектеп-лицей мұғалімі Ғалия Құрымбаева, №183 орта мектеп мұғалімі Гүлнар Әшірова «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанды.

Соңғы жаңалықтар