Қызылорданың жас шахматшылары ел біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 8-20 наурыз аралығында Ақмола облысы Бурабай курорттық аймағында шахматтан 8-18 жас аралығында ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде.
Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлауынша, ел біріншілігінің айтулы сынында шахматтың классика түрі бойынша бақ сынаған Сыр өңірінің командасы жалпыкомандалык есепте жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
12 жасқа дейін қыздар арасында Назерке Нұрғали чемпион атанса, ұлдар арасында Сұлтан Аманжол 2 орынды иеленді.
14 жасқа дейін қыздар арасында Әсел Серікбай топ жарса, күміс жүлде Сакыпжамал Бармағанбетованың еншісінде.
Спортшылар ертең шахматтың рапид түрі бойынша, 20 наурызда блиц бойынша сынға түседі.