«Қызылжар» - «Ақжайық» матчы Петропавлдан елордаға ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан кубогы үшін өтетін «Қызылжар» - «Ақжайық» матчы Петровалдан елордаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кәсіби футбол лигасы сайтынан алынған мәліметке қарағанда, UEFA Конференция лигасының іріктеу матчынан кейін оралудың қиындығын алға тартқан «Қызылжар» футбол клубы осындай өтініш түсірген.

Лига әкімшілігі өтінішті қарап, ойынды Петропавлдан астанаға ауыстыруға келісім берді.

Матч 31 шілде күні елорда уақытымен сағат 15.00-де басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан кубогы үшін «Қызылжармен» өткен ойында «Ақжайықтың» қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық командалардың Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды.

Өткен түнде «Қызылжар» сырт алаңда Хорватияның «Осиек» командасын 2:0 есебімен ұтып, Конференция лигасының үшінші іріктеу сатысына жолдама алған еді. Осы ойында «Ақжайықтың» бұрынғы футболшысы, өткен жылы Қазақстан құрамасы сапында доп тепкен Еркін Тапалов ерекше көзге түсіп, бірінші голдың соғылуына ұйытқы болды.



Фото: dordtsport.nl







Соңғы жаңалықтар