«Қызылжар» футбол командасы «Ақтөбеден» айласын асырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» сапында жасындай жарқылдаған футболды Маркос Пиццеллидің кезекті голы Петропавлда жеңіс ұпайын иемденуге мүмкіндік бермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

«Қызылжар» футбол командасы «Ақтөбеден» айласын асырды

«Ақтөбе» премьер-лиганың жаңа ойыншыларымен кездесудің алғашқы минуттарында ойынды тәп-тәуір бастаған. Бірінші тайм аяқталмай тұрып, чемпионаттың үздік снайпері Маркос Пиццелли стадион қожайындарының қақпашы Антон Цириннің қақпасынан саңылау тауып, 11 метрлік пенатльтиден мүлт кетпей командасын алға шығарды.

Екінші тайм басталғанда «Қызылжар» футбол командасы Петропавлда алаң иелерімен иық тіресу ешкімге де оңайға түспейтінін дәлелдеп берді. Ойыншыны ауыстырып, алаңға шыққан Момоду Сисей аталған ойында есте қаларлық «әдемі» голдардың бірін салды. «Ойын аяқалуға 16 минуттай қалғанда «Қызылжардың» тағы бір сұрмергені Фредди Коронель матчтағы жеңіс голын салды. Қорытынды есеп - 2:1. Жеңіс «Қызылжарлықтардың» еншісінде.