Қызылжарда волейболдан Жоғары лиганың “А” тобында ел чемпионатының үшінші туры басталады

АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылжарда волейболдан Жоғарғы лиганың "А" тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары басталады. Ол 26 ақпанға дейін созылады.
None
None

Бұған дейін 19-26 желтоқсанда Теміртауда өткен 2-ші турда Шымкенттің "Динамо-Қазығұрт", ал 23-29 қарашада Алматыда болған 1-ші турда жергілікті "Ұшкын-ҚазҰАУ" жеңімпаз атанған болатын. Қазір алғашқы екі турдың қорытындысы бойынша 38 ұпаймен 14 кездесудің біреуінде ғана жеңіліс тапқан Шымкент пен Алматы қаласының волейболшылары турнир кестесінде қатар келе жатыр. Шымкенттіктер кездесулерде ойналған партиялар мен доп айырмасы бойынша ғана алматылықтардан сәл басым түсуде. Олардан 8 ұпайы кем Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2" командасы үштікті түйіндеуде. Ал "Павлодар-2" - 23, "Есіл-Виктория" (Қызылжар) - 11, "Семей" - 10 және "ВСМК АрселорМиттал" (Теміртау) мен «Жайық-Конденсат» (Орал) - 9 ұпаймен 3-8 орынды өзара бөлісуде.

Үшінші тур Алматы мен Павлодар, Өскемен мен Орал, Шымкент пен Теміртау, Семей мен Қызылжар волейболшылары арасындағы ойындармен басталады. Бұған дейін өз қарсыластарын алматылықтар мен шымкенттіктер 3:0 және 3:1, өскемендіктер 3:2 және 3:0 етіп ұтса, семейліктер бір ойында 3:1 есебімен басым түскенімен6 екіншісінде 0:3 боп ойсырай жеңілген еді.

Соңғы жаңалықтар