«KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің несиелік рейтингін көтерді
АЛМАТЫ. 26 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық «KzRating» агенттігі Еуразиялық банктің несиелік рейтингін ұлттық шкалада «ВВВ»-дан «A-» дейін, халықаралық шкалада «ВВ-»-ден «BB»-ға дейін көтерді.
Рейтинг бойынша болжам тұрақты. Рейтингтің өзгеруіне бизнестің тұрақты өсуі мен банктің негізгі қызметінің тиімдігінің өсуі түрткі болып отыр. Оған негіз болған - меншік құрылымының ашықтығына, негізгі акционерлердің қолдауының жоғары деңгейіне, сыртқы қорлануға тәуелділіктің төмен деңгейі мен трансшекаралық тәуекелдің болмауы.