13:26, 13 Шілде 2009 | GMT +5
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектерінің үштен бірі - «қызыл диплом» иегерлері
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2 261 түлек бітірді, олардың үштен бірі - «қызыл диплом иегерлері»,

деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орнының веб-өкілдігіне сілтеме жасап.
Веб-өкілдіктің жетекшісі Таңшолпан Тампаеваның айтуынша, 733 жас түлек үздік бітіргендері туралы диплом алып отыр. Айта кету керек, биылғы бітіруші курстың 268 студенті өз оқуларын дағдарысқа қарсы шаралар аясында ағымдағы жылы Үкімет бөлген қосымша білім гранттарының арқасында аяқтады.
Мемлекеттік гранттардың көмегімен бакалавриат бөлімін 1 485 түлек бітірді. Ал магистратура бөлімін 105 адам тәмамдады. Олардың тек біреуі ғана ақылы негізде оқығанын айта кету керек. 80-ге жуық магистрант-студент «қызыл» диплом алып отыр.