Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразиялық зерттеулер кафедрасы» құрылады

АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразиялық зерттеулер кафедрасы» құрылады.

Л.Гумилев атындағы Еуразия   ұлттық университетінде   «Еуразиялық  зерттеулер кафедрасы»   құрылады
Бұл туралы университеттің ғылыми кеңесінің мәжілісінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орнының веб-өкілдігіне сілтеме жасап. «Еуразиялық зерттеулер» кафедрасының негізгі мақсаты - экономика, мәдениет, білім және ғылым салаларында еуразияшылық проблемасының түрлі сипаттарын тұжырымдамалы-іргелі зерттеу болып табылады.