Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 19-ында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңа ақпараттық технологиялардың негізінде табиғатты қорғау саласындағы тың әдістер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өз жұмысын бастайды.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді

Бұл ақпаратты аталған білім ордасының «Еуразия ақпарат» орталығы таратып отыр.

Ел экологтарын оқытуды көздейтін семинар барысында Қазақстан мен Ресейдің эколог-мамандары баяндама жасап, табиғатты қорғау саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану бойынша арнайы дәрістер өткізеді.

«Іс-шараға шақырылған қонақтардың ішінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Ғылым, мониторинг және экологиялық мәселелер департаментінің директоры Болат Бекнияз, Ресейдегі «Логос-Плюс» кәсіпорынының бөлім бастығы Владимир Мокроусов, Ауа атмосферасын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Рысты Құттығұлова және тағы басқа азаматтар бар», делінген баспасөз хабарламасында.