15:10, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің веб-сайты 9 тілде жұмыс істейтін болады
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ресми веб-сайты 9 тілде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне оқу орнының веб-өкілдігінен хабарлады.
Бүгінгі таңда сайттың қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі нұсқалары бар, ал маусым айынан бастап бұл тізім қытай және түрік тіліндегі беттермен толығады. Веб-өкілдіктің ақпараты бойынша, жаңа оқу жылына қарай араб, испан, француз және неміс тілдеріндегі беттер де іске қосылмақ.
Еуразия ұлттық университетінің сайты - Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасындағы сапасы жоғары және оқырмандар жиі кіретін бет. Сайтқа әлемнің 62 елінен тұтынушылар кіреді.