12:29, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
Л.Гумилев атындағы Еуразиялық үлттық университетінде аналитикалық журналистика бойынша тренинг өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Сәуірдің 6-7-сі күндері Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде аналитикалық журналистика бойынша тренинг өтеді,
деп хабарлады «Медиа-центр» қоғамдық қорынан.
Шеберлік сабағын «Известия - Казахстан» газетінің бас редакторы Эдуард Полетаев пен Алматыдағы «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының директоры Әділ Жәлелов өткізеді.
Бұл шараны «Десента» қоғамдық қоры «Медиа-Центр» қорымен бірлесе отырып және Қазақстандағы Еуропалық комиссияның қолдауымен өткізіп отыр. Тренинг сәуірдің 6-сы күні сағат 10.00-да Циолковский көшесіндегі университет корпусында, 106-шы аудиторияда өтеді.