Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ұстаздарға 100 пәтерлі үй салуда
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаңа оқу-зертханалық ғимараты мен отбасылы қызметкерлерге арналған 100 пәтерлі үйдің алғашқы қазығы қағылды.
Салтанатты рәсімге Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен елшіліктер өкілдері қатысты.
Бүгінгі таңда осы нысандар бойынша қаржы мәселесі шешілді. Енді құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, бірер жылдан кейін, жақын жерде Еуразия Ұлттық университетінің спорт кешені бой көтермек.