Л.Гурченконы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Кино үйінде өтеді - Мәскеу

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - 76 жасында дүниеден озған актриса Людмила Гурченко Новодевичье немесе Ваганьков зиратына жерленеді.

Л.Гурченконы  ақтық сапарға шығарып салу рәсімі  Кино үйінде  өтеді - Мәскеу

Бұл туралы РБК агенттігіне Мәскеу үкіметінен хабарлады.

Ал ақтық сапарға шығарып салу рәсімі дүйсенбі, 4 сәуір күні Кино үйінде өтеді.

Л.Гурченко кинода 96 рольде ойнаған. Ол «Карнавальная ночь", "Соломенная шляпка", "Вокзал для двоих", "Любовь и голуби", "Сибириада" сияқты фильмдермен халыққа кең танымал.