Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың жатақханасында өрт болды
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 14 ақпанда, түнгі сағат 01.16-да Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 қабатты жатақханасының бірінші қабатында орналасқан оқу залында өрт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жалын өрт сөндіру қызметінің құрылымы келгенше сөндірілді. Оқиға орнына Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 12 адамы мен 3 техникасы шықты. Жалын шарпыған аумақ 0, 5 шаршы мерді құрады. 70 адам, оның ішінде 17 бала қауіпсіз аумаққа көшірілді.