L'Oreal Қытайда құны $32 млн. доллар болатын ірі зауытты іске қоспақ

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Францияның косметика және иіссу өндіруші L'Oreal компаниясы Қытайда жаңа зауытын іске қосты. Аталған нысанның құны 32 млн. доллларды құрайды. Қытайдағы косметика және иіссу өндіретін ірі зауыт Хубэй провинциясында орналасқан, деп хабарлайды «Синьхуа».

L'Oreal Қытайда құны $32 млн. доллар болатын ірі зауытты іске қоспақ

Нысанның ауданы шамамен 70 мың шаршы метрді құрайды. Азиядағы L'Oreal-дың ең ірі өндіріс нысаны. Компания жыл сайын 250 млн. косметика өнімін шығаруды жоспарлауда. Қытай, бүгінгі күні, көлемі бойынша L'Oreal-дың үшінші нарығы болып табылады.

L'Oreal SA - әлемдік иіссу және косметика нарығының көшбасшысы. Оған L'Oreal Paris, Garnier, Maybelline New York, Lancome, Giorgio Armani, Vichy және басқа да брендтер кіреді. Компанияның өкілдіктері әлемнің 130 елінде бар.