Л.Сүлеймен: Электораттық процесте әлеуметтік желіні қолдану - азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігі

«Қазақстандағы қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға сәйкес барлық интернет русурстар БАҚ ретінде қарастырылатындығын тағы да бір естеріңізге салғым келеді. Әлеуметтік желілер де өзінің техникалық маңызы жағынан интернет ресурс болып саналады», - деді ол.
Осы ретте Л.Сүлейменова заңнама тұрғысынан әлеуметтік желілер де БАҚ ретінде қарастырылуы тиіс екендігін баса айтты.
«Біздің ойымызша, Қазақстан сегментіндегі әлеуметтік желілер арқылы азаматтар ақпарат алуына, оның ішінде сайлау тақырыбына байланысты ақпарат алуына және оны таратуға байланысты конституциялық құқығын жүзеге асыруына болады. Өйткені, «Сайлау туралы» Заңның 28 бабының 1 тармағына сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бірлестіктер, қаржыландыруды талап етпейтін сайлау алды үгіт жүргізуге құқылы. Осылайша электораттық процесте әлеуметтік желіні қолдану да азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігі болып табылады. Бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, азаматтар «Сайлау туралы» Заң талаптарын бұзуға жол бермеуі тиіс. Әлеуметтік желіні пайдаланатын азаматтар, саяси партиялар өз қызметтерін заң аясында атқаруы қажет», - деді ҚР ОСК мүшесі.
Сонымен қатар ол Орталық сайлау комиссиясы партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, Бас прокуратурамен, ақпарат саласындағы өкілетті органмен үгіт науқаны заңнаманы бұзушылықтарсыз өтуі үшін икемді және жедел жауап қату мүмкіндіктерін қарастыратындығын баса айтты.