Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Львов облысында 2 мың жыл бұрынғы тігін станогының қалдықтары табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белз қалашығы (Сокальск ауданы) маңындағы қазба жұмыстары кезінде археологтар шамамен екі мың жыл бұрынғы тігін станогының қалдықтарын тапты, деп хабарлады Украина ҰҒА археология институты «Құтқару археологиялық қызметі» ғылыми-зерттеу орталығының баспасөз қызметі.

Львов облысында 2 мың жыл бұрынғы тігін станогының қалдықтары табылды

«Рим кезеңімен даталанған вертикалды тігін станогының қалдықтары біз үшін аса құнды олжа болды. Бір метр тереңдікте біз тұрғын үй нысанын таптық, оның бұрышында жіп иіруге арналған отыздан астам балшық бөліктері сақталған. Станоктың ағаштан жасалған өзге бөліктері сақталмаған», - деген экспедиция басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Тарас Милянның сөздері келтірілген хабарламада.

Қазба орнында бір кездері Рми империясымен тығыз сауда байланысы болған халық өмір сүрген.