Ла-Манштағы туннельден велосипедпен өткен британдық рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық кәсіби велошабандоз Крис Фрум Ла-Манштың астымен Ұлыбританиядан Францияға велосипедпен жеткен алғашқы адам.

Ла-Манштағы туннельден велосипедпен өткен британдық рекорд орнатты

The Daily Telegraph басылымының электронды нұсқасы хабарлағандай, спортшының ағылшындық Фолкстоуннан француздық Кале қаласына дейінгі Еуротуннель арқылы жүрген сапары шамамен 55 минутқа созылған.

Бұл көрсеткіш пойыздағы сапар уақытынан 35 минутқа артық, ал паромнан 90 минутқа жылдам. Ал Фрум сағатына 65 шақырым жылдамдықты бағындырған.

1994 жылы 6 мамырда ашылған Еуротуннельдің ұзындығы 51 шақырымды құрайды. Оның 39 шақырымы Ла-Манш бұғазының астымен өтеді.