Ла Скала мен «Астана Опера» театрлары футболдан жарысқа түседі

Сонымен қатар, əуесқой спорттық жарыста гастрольдердің бірыңғай жеке демеушісі - итальяндық энергетикалық «Eni» компаниясы мен астаналық театрдың əлеуметтік серіктесі - «Samruk-Kazyna Trust» қорының командалары қатысады. Аңызға айналған миландық театрдың гастрольдері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 1-9 қыркүйек аралығында «Астана Опера» сахнасында болады.
Гастрольдік сапар барысындағы осындай футболдық кездесулерді өткізу Италияның басты опералық ұжымының жақсы бір дəстүріне айналған, бұл үрдіс жиырмасыншы ғасырдың 70-ші жылдарынан бастау алған еді. Қос театрдың командалары тұңғыш рет Ла Скала балет труппасының Астана күнін мерекелеу қарсаңындағы алғаш қазақстандық гастролі кезіндегі жолдастық матчта кездескен болатын.
Матчтан кейін достық пен құрмет белгісі ретінде командалар дəстүр бойынша футболкаларымен алмасып, əр топ ойыншысының қолтаңбасы жазылған доптарды бір-біріне сыйға тартты. Итальяндық команданың астаналық театрға сыйлаған добы «Астана Операның» мұражайында сақтаулы.