«Лағнет қобдишасы» - АҚШ киносының жаңа көшбасшысы

АСТАНА. 3  қыркүйек. ҚазАқпарат - 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығындағы алдын ала мәліметтер бойынша, американ прокатының жаңа көшбасшысы «Лағнет қобдишасы» атты жаңа мистикалық шытырман оқиғалы триллер болды, деп хабарлады www.movie.ru сайты.

«Лағнет қобдишасы» - АҚШ киносының жаңа көшбасшысы

14 миллион АҚШ доллары қаржысына шығарылған бұл фильм елдің 2816 кинотеатрларында көрсетіліп, үш күннің ішінде 17,7 млн. доллар қаржы түсірді. Екінші орында «Әлемдегі ең маскүнем округ» криминалдық драмасы, ал «Арындылар-2» фильмі үшінші орынға ығысты. Ал деректі ленталардың ішінен «2016: Обаманың Америкасы» фильмі аталған мерзімде 5,1 млн. доллар жинап, барлығы 18,2 млн. доллар қаржы құйды.