Lakshminarayana Global Music Festival 2026: қазақстандық өнерпаздар Үндістанға аттанады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылы Үндістанда өтетін Lakshminarayana Global Music Festival аясында қазақстандық музыканттар Үндістанның бірқатар ірі қаласында өнер көрсетеді.

Lakshminarayana Global Music Festival 2026: қазақстандық өнерпаздар Үндістанға аттанады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Маэстроның айтуынша, фестиваль Үндістан Үкіметінің ICCR қолдауымен өтетін 11-ші Музыка және би фестивалінің ашылуымен қатар ұйымдастырылады. Биылғы жоба бұрынғы концерттік бағдарламалардан ауқымы мен мазмұны жағынан өзгеше болмақ.

Lakshminarayana Global Music Festival 2026: қазақстандық өнерпаздар Үндістанға аттанады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Біз жаңа симфониялық туындыларды дәл Үндістанда дайындауды жоспарлап отырмыз. Солардың бірі — «Наваргаха» симфониясы. Үнді дүниетанымында адамның тағдырына әсер ететін тоғыз ғаламшар бар деп есептеледі, әрқайсысының өмірге ықпалы ерекше, — деді Л.Субраманиам.

Л.Субраманиам
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Сонымен қатар, фестиваль аясында 1987 жылы Үндістан мен Мәскеу фестивалі үшін қойылған «Шанти Прия» балеті жаңа форматта алғаш рет сахналанады. Қойылымда оркестр, хор және балет бірлесіп өнер көрсетеді.

Үндістан Қазақстан тулары
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Қазақстандық дирижер, маэстро Абзал Мухитдиннің айтуынша, бірлескен жобаның дайындық жұмыстары 2025 жылдың қыркүйек айында басталған. Алғашқы репетициялар Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өткен.

Lakshminarayana Global Music Festival 2026: қазақстандық өнерпаздар Үндістанға аттанады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Жобаға Астанамен қатар Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау филармониясының музыканттары да қатысады. Құрамында симфониялық оркестр, хор және балет әртістері бар. Үндістан тарапынан солистер мен ұрмалы аспап орындаушылары қосылады. Маэстро Субраманиам скрипкада ойнап, Кавита Кришнамурти вокалдық партияларды орындайды, — деді ол.

Гастрольдік бағдарлама аясында қазақстандық және үнді өнерпаздары Дели, Калькутта, Ченнай, Бангалор және Чандигар қалаларында концерт береді. Алғашқы концерт Дели қаласында өтпек.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің концерттік туры әлемнің 13 елінде өткені жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар