Ланьчжоуда су құбырына бензол түсіп, 2,5 миллионға жуық халық сусыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда ауызсу құрамынан қауіпті канцероген табылды, деп хабарлайды 24 kz.
Елдің солтүстік-батысындағы Ланьчжоу қаласының билігі тұрғындарға ауызсуды қолдануға тыйым салды. Жергілікті кәріз суының сараптамасы адам өміріне аса қауіпті бензолдың бар екендігін анықтаған. Биліктің үрейлі мәлімдемесінен кейін 2,5 миллионға таяу халқы бар қаланың тұрғындары дүрлігіп, дүкен сөрелеріндегі құтыдағы судың барлығын сатып алып кеткен. Шаһарға су жеткізетін компания басшылығы тіршілік нәрінде канцерогенннің пайда болуын өнеркәсіптік ластанумен байланыстырып отыр. Жергілікті экологиялық бюро тергеу амалдарын бастап кеткен. Айта кетейік, бензол - бұл уытты және канцерогенді түссіз сұйықтық. Адам ағзасына түссе, қатерлі ісікті тудыруы мүмкін.