Лана Дель Рейдің жаңа әні жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әнші Лана Дель Рейдің Love атты жаңа әні жарық көрді. Бұл композиция ірі музыкалық сайттарда жарияланды. Әншінің YouTube-тағы ресми арнасында жаңа тректің аудиотаспасы пайда болды.

Лана Дель Рейдің жаңа әні жарық көрді

Өлең жазуға продюсерлер Эмили Нэйни мен Рик Ноулз қатысқан. Олар бұрын Ланамен Summertime Sadness және Born to Die әндерімен жұмыс жасаған болатын.

Биылғы жылы әнші өзінің бесінші альбомын шығаруды жоспарлауда. Әзірге пластинканың атауы мен шығу уақыты құпия сақтаулы.

Лана Дель Рей (шын аты Элизабет Вулридж Грант) - 2012 жылы Born to Die альбомы арқылы танымал болған дрим-поп жанрында ән салатын әнші.