Лаңкес Сауд Арабиясындағы мешітте оқ атып, бес адамның өмірін қиды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы мешітіндегі атыс кезінде кем дегенде бес адам ажал құшты.
None
None

Оқыс оқиға жұма күні, апта сайынғы Сауд Арабиясының шығыс провинциясындағы Сайхат қаласындағы шиіттік мешіттегі жұма намазы кезінде орын алды.

Алты адам жарақаттанған шабуылдан кейін полиция лаңкес пен оның екі сыбайласына оқ атты. Әзірге қаруланған қылмыскер діни орталыққа таксимен келіп, автоматтан оқ ата бастағаны ғана белгілі.

Бұл Сауд Арабиясындағы шиіттердің мешітіне жасалған алғашқы шабуыл емес. Ағымдағы жылдың тамызында корольдіктің қарулы күштерінің әскери бөлімі маңындағы мешітте лаңкес бомба жарған. Оның салдарынан 15 әскери қаза тапты.

Мамыр айында тағы бір лаңкес шығыс провинциядағы Аль-Кадих ауылындағы мешітке жұма намазы уақытында барып, қылмыс жасады. Онда 21 адам қаза тауып, 80-нен астамы жарақаттанды.

Лаңккестік актілерге қатысты жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы өз мойнына алды.

Соңғы жаңалықтар