13:43, 11 Қаңтар 2015 | GMT +5
Лаңкестер Парижден кейін Рим қаласында террорлық әрекет жасауы мүмкін - БАҚ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Bild am Sonntag» газеті Париждегі қарулы қақтығыстан кейін бірқатар Еуропа астаналарында лаңкестік әрекеттер қайталануы мүмкін екендігін хабарлады. Неміс басылымы америкалық арнайы барлау қызметінің ақпаратын келтірген, деп жазады «Неміс толқыны» ақпарттық агенттігі.
«Францияда болған қарулы шабуыл Еуропада жаһандық лаңкестік соғыстың өршуіне себеп болуы мүмкін. Бұл туралы 11 қаңтар күні америкалық арнайы барлау қызмет ақпаратына сілтеме жасап, немістің Bild am Sonntag газеті жазды», дейді дереккөз.
Басылым деректеріне сүйенсек, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі Париждегі лаңкестіктен кейін «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы жетекшілерінің телефондарын, келіссөздерін тыңдаған. Жихадшылар келіссөзде Еуропаның ірі қалаларында террорлық акті бастайтыны жайлы айтқан.
«Bild am Sonntag» басылымының жазуынша, АҚШ барлаушылары ислам атын жамылған топтың сөздеріне тың-тыңдау барысында келесі террорлық акті Рим қаласында ұйымдастырылмақ екенін білген.